Колледж Құрылтайшысы және директоры – Асанов Арслан Арынұлы биология ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы медалінің иегері. Оқу орнын басқаруда өзінің алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде ең үздік технологияларды қолданып келеді. Оқу-тәрбие үрдісіне қолайлы жағдай жасап, материалдық-техникалық базасын нығайтуда ұйымдастырушылық қабілетін дәлелдеп отыр. Білім беру жүйесінің мемлекеттік білім беру стандарттық бағдарламаларына сәйкес жаңа технология үлгілерімен ғылыми бағытта жүргізілуіне жол ашып отыр.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, бірінші санатты ұстаз. 1994-жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітіріп, дәрігер-педиатр мамандығын алған. 1995-2007-ж.ж. аралығында Сарыағаш қалалық балалар емханасында, Құркелес емханасында, «Денсаулық» емханасында дәрігер-педиатр, Сарыағаш аудандық емханасының меңгерушісі қызметтерін атқарған, 2006-жылдан бастап «Арыстанбаб» колледжінде оқытушы, кейін бөлім меңгерушісі, 2017жылдың қараша айынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жоғарғы санатты педагог. 1998 жылы П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін «Домбыра» класы бойынша тәмамдаған. 2003-2006 жж. «Әулие Ата» университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығын алса, 2012 жылы ОҚ педагогикалық университетінің «Музыкалық білім» мамандығын бітірген. 2000-2003 жж. – №1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында саз мұғалімі, 2004-2012 жж. – «Арыстанбаб» колледжінде оқытушы және музыкалық жетекші, 2013 жылдан бастап колледждің тәрбие жұмысын басқаруда.
Директордың шаруашылық істері жөніндегі орынбасары, бірінші санатты педагог. 2002 жылы «Әулие Ата» университетін экономист, кеден қызметкері мамандығы бойынша тәмәмдап, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бойынша екінші мамандығын алған. Колледж негізін салғаннан шаруашылық жұмыстардың басы-қасында жүрген Данияр Қыдырәліұлы оқу ғимараттарының техникалық жағдайына, жабдықталуына жауапты, бүгінде бұл бөлім аясында 10 қызметкер біріктірілген.
2002 жылы Оңтүстік Қазақстан Қазақ-Өзбек инженерлік институтының «Кеден ісі» факультетін тәмәмдаған. 2012 жылдан бастап мамандар бөлімінің инспекторы лауазымында жұмыс жасауда.
Колледж әдіскері, екінші санатты оқытушы. 1995 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласындағы «Жамбыл Гидромелиорация және инженерлік» Институтын «Экономика және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995жылы Сарыағаш қаласындағы Қапланбек Агро колледжінде оқытушы ретінде бастаған. 2000жылы «Әулие-Ата» университетінде оқытушы болып ауысқан. Колледж ашылғаннан бері осы колледжде оқытушы болып, 2014жылдан бері «Колледж әдіскер» болып қызмет атқарып келеді.
Білімгерлер бойынша маман бірінші санатты оқытушы. 2002 жылы ОҚ халықаралық араб университетінің «Информатика» мамандығын бітірген. 2007-2009 жж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистратурасында білім алып, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету магистрі академиялық дәрежесін алған. Еңбек жолын 2003 жылы ОҚМУ «Информациялық технологиялар және телекоммуникация» факультетінің деканатында операторы ретінде бастап, 2009-2012 жж. информатиканы оқытудың теориясы және әдістемесі кафедрасының оқытушысы қызметін атқарған. 2012 жылдан бастап «Арыстанбаб» коледжінде білімгерлер бөлімінің маманы лауазымында еңбек етуде. Сонымен қатар, «ЕТ және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында оқытушылық қызметін қоса жүргізуде.
2014-жылдан бастап бас есепші лауазымында жұмыс атқаруда. 1981-жылы Ташкент халық шаруашылығы институтында экономист мамандығын алған. Еңбек жолын мемлекеттік банкте экономист лауазымында бастап, 1981-2014 жылдар аралығында жинақ банкінде - бас маман, Қарақалпақ бизнес қоры басқармасында - бас қаржыгер, Сарыағаш аудандық білім бөлімінде - есепші, «Қазақ мұнай сервис» мекемесінде - есепші, «Ақ Жайық» шипажайында бас есепші қызметін атқарған.
Колледж мейірбикесі, екінші санатты оқытушы. 1980-1984 жылдар аралығында Шыршық медицина училищесінде акушер мамандығы бойынша білім алып шыққан. Оқу орнын тәмәмдаған соң Киров ауданының ауруханасында мейірбике болып 14 жыл тапжылмай еңбек еткен. 1999-2010 жылдар аралығында Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының жан сақтау бөлімінде жұмыс жасаған.
Колледж психологы. 2015жылы Көкшетау қаласындағы «Көкше» Академиясының педагогика және психология факультетін бітірген. Еңбек жолын осы колледжден бастаған жас маман.
Гуманитарлық-экономикалық бөлім меңгерушісі, бірінші санатты оқытушы. 2005 жылы «Әулие Ата» университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған, екінші мамандығы - орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі.
Еңбек жолын осы мекемеде алғашында оператор ретінде бастаған, көп ұзамай сыртқы бөлімде әдіскер лауазымында жұмыс жасап, 2012 жылдан бастап гуманитарлық-экономикалық бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалған.
Дәрігер, жоғары санатты оқытушы, «Емдеу ісі» бөлім меңгерушісі.
1997 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын акушер-гинеколог мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Сарыағаш аудандық орталық ауруханада күндізгі стационарда акушер-гинекологы лауазымынан бастап, 2002 жылға дейін денсаулық сақтау саласында қызмет атқарған.
2002 жылдан бастап білім беру саласына ауысып, Авиценна медициналық колледжінің Сарыағаш филиалында оқытушы, 2010 жылдан бастап «Арыстанбаб» колледжінде ұстаздық еткен. «Акушерия және гинекология» пәнінен дәріс береді.
Ғылыми жаратылыстану пәндері ЦӘБ төрайымы, жоғары санатты оқытушы. 1992-1997 жж. Еуразия университетінде химия биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын Ж.Аймауытов орта мектебінде мұғалім лауазымынан бастаған. Колледж қабырғасында 2006-жылдан бері оқытушы, ЦӘБ төрайымы, әдіскер лауазымында еңбек етті. Бүгінгі таңда 15 жыл педагогикалық өтілі бар, бірінші біліктілік санатты оқытушы, білімгерлерге химия және биология пәндерінен дәріс береді.
Медициналық арнайы пәндер ЦӘБ төрайымы, екінші санатты оқытушы. 2003-жылы «Авиценна» медициналық колледжінде жалпы тәжірибелі акушер мамандығын алған, 2008-жылы «Әулие-Ата» университетін педагог-психолог мамандығы бойынща бітірген. Еңбек жолын медбике ретінде бастаған маман, 2007-жылы колледжде лаборант, «Мейірбике ісі негіздері» пәнінің оқытушысы, қазіргі күнде ЦӘБ төрайымы лауазымында жұмыс жасайды.
«Гуманитарлық пәндер» ЦӘБ төрайымы, Педагогика ғылымдарының магистрі. 2012 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетін «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс жолын «Өркениет» балабақшасында тәрбиеші болып бастаған. 2014жылдан бері колледжде «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығында арнайы пәндер оқытушысы болып, 2015жылдан бері «Гуманитарлық пәндер» ЦӘБ төрайымы болып қызмет атқарып келеді.
«Медициналық жалпы кәсіптік пәндер» ЦӘБ төрайымы, екінші санатты оқытушы.
2011жылы ОҚМФА «Медсестра-мененджер» мамандығын бітірген. 2012жылдан бері колледжде «Мейірбике ісі негіздері» пәнінің оқытушысы, 2015жылдан бастап «Медициналық жалпы кәсіптік пәндер» ЦӘБ төрайымы болып қызмет етеді.