Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!
Колледж магистр оқытушысы Н.С.Исалиеваның жетекшілігімен БСО-18-9к тобының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатқа Сарыағаш ауданының тұрғыны, Желтоқсан оқиғасына қатысқан батырымыз Найманкулов Малик ағамыз шақырылып, желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алдық. Білім алушылар осындай батыр ағамыз бен сол үйдегі әпкемізге сыйлықтарын ұсынды.Тәрбие сағатымыз одан әрі «Туған жер», «Тәуелсіз қазақтың қызымын!» атты әндермен жалғасын тауып, келген қонақтарға ұстаз әжелеріміз Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, шашу шашып, әсем бимен жалғасын тапты.
Көктемдегі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесінде колледжіміздің ер жігіттері ару қыздарымызға керемет күн сыйлады.
1-наурыз "Алғыс күніне" орай колледжіміздің үздік студенттерінен құралған топ қаламыздағы қоғамдық орындарда жалпы халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлап, алғашқы медициналық көмек көрсетіп халықтың алғысына бөленді, соңында жастарымызға қолдау көрсетіп жүрген аға буын өкілдеріне өз алғыстарын жеткізді.
Медициналық мамандықтағы студенттердің сабақ өту барысы
ОҚ "Арыстанбаб" колледжі сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейді. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын! Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін!
«Арыстанбаб» колледжінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай 25 игі іс-шаралар аясында мерекелік гала-концерті болып өтті.