Колледж тарихы

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жыл 18 сәуірдегі №596 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылы 9 қыркүйекте берген сериясы АА, №0009896 мемлекеттік лицензиясы негізінде кәсіптік орта білім беру бағдарындағы «Оңтүстік Қазақстан «Арыстанбаб» колледжі» жеке меншік мекемесі болып ашылды 
•     Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының 2006 жыл 19 қазандағы сериясы АБ, №0038290 лицензиясымен «Оңтүстік Қазақстан «Арыстанбаб» колледжі» ЖШС-ға кәсіптік орта білім беру қызметімен айналысуға рұқсат берілді
•     Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының 2006 жыл 19 қазандағы сериясы АБ, №0038290 лицензиясымен дене тәрбиесі және спорт, бастауыш білім беру, негізгі орта білім (қазақ тілі мен әдебиеті), құқықтану, ветеринария, мейірбике ісі, фармация, мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу, аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), емдеу ісі, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша) мамандықтарының жұмысына рұқсат берілді
•     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік-техникалық реттеу жүйесінің мемлекеттік тізіміне тіркелген, яғни сапа менеджментіне сәйкестік сертификатын алуы: 2008, 2018 жылдар
•     Оқу орны 2012 жылдан бері мемлекеттік тапсырысты орындап, яғни білім мен тәрбие саласына қатысты «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», қоғамды цифрландырудың өзектілігіне байланысты «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарында жас мамандарды оқытып келеді 
•     20 жылдың ішінде оқу орны 3 рет мемлекеттік аттестациядан, 1 рет аккредитациядан өтті.
•    2019 жылы «жоғары колледж» мәртебесін алды    
•     2019 жылы заманауи үлгідегі 100 орындық жатақхана салынды