Колледж тарихы

Оңтүстік Қазақстан «Арыстанбаб» колледжінің негізі 2003 жылы ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 18 сәуірінде №596 қаулысына сәйкес құрылған. Алғашында білім ұясында тек гуманитарлық сала мамандарын әзірленген, кейін 2006 жылдан бастап халықтың сұранысына байланысты, Сарыағаш өңіріне білікті медицина мамандарының қажеттігін ескеріп медициналық мамандықтар даярлауды қолға алған. Колледждің негізін қалаған - Асанов Арслан Арынұлы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары мен арнайы құжаттарында білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік саясат белгіленіп, қазіргі білім беру мақсаты мен міндеттері көрсетіліп, оны шешу бағыттары нақты айқындалған. Қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықтың маңызды құрамы ретіндегі сипатқа ие болуда, ал адамның білімділігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қалыптан тыс жағдайларда әрекет ете білуі Қазақстан Республикасының өрлеуіне негіз және тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шарт бола алады. Жаңа білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы талаптарға сәйкес келетіндей білім алушыларды өздігінше дамуға, алған білімдерін шығармашылықпен жүзеге асыра білуге икемдейтін, күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыдағы білім жүйесі болуы қажет.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген міндеттердің ең маңыздысының бірі ретінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау болса, оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология¬ларды енгізу және тиімді пайдаланудың да маңызына ерекше тоқталған. «Арыстанбаб» колледжі осы және бұдан да басқа міндеттерінің орындалуын өзіне мақсат етіп қойып, облыс деңгейінде сапалы білім беріп отырған колледждердің қатарында.

about