Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!
Колледж магистр оқытушысы Н.С.Исалиеваның жетекшілігімен БСО-18-9к тобының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатқа Сарыағаш ауданының тұрғыны, Желтоқсан оқиғасына қатысқан батырымыз Найманкулов Малик ағамыз шақырылып, желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алдық. Білім алушылар осындай батыр ағамыз бен сол үйдегі әпкемізге сыйлықтарын ұсынды.Тәрбие сағатымыз одан әрі «Туған жер», «Тәуелсіз қазақтың қызымын!» атты әндермен жалғасын тауып, келген қонақтарға ұстаз әжелеріміз Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, шашу шашып, әсем бимен жалғасын тапты.