Директор блогы - Алғы сөз

about

Құрметті әріптестер, білім алушылар!

Сарыағаш ауданында орналасқан «Арыстанбаб» жоғары колледжі - осы өңірдің қажеттіліктеріне сай сапалы мамандар дайындап шығаратын оқу орны. Ең алғашында жас ұрпаққа өз тілінде, өз дінінде білім беретін ұстаздарды дайындауды мақсат етіп құрылған колледжде, кейіннен аудан көлемінің ахуалын, жұмыс көздерін жан-жақты зерттеу нәтижесінде, медициналық мамандықтар ашылды.

Білімнің сапасына аса мән беретін білікті ұстаздардан құрылған ұжымы бар колледж жыл сайын бірнеше жүздеген мамандарды түлетіп, ұшыруда.

Колледжде білім алушыларға толықтай жағдайлар жасалып, барлық кабинеттер арнайы жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, ішкі және сыртқы спорттық алаңдар, асхана және алыс аймақтардан келіп оқитын студенттер үшін жатақхана қарастырылған.

Түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және жұмыспен қамту қызметтерімен арнайы бөлімдер үнемі колледж түлектерінің сұранысқа ие болуына және олардың жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізеді. Соңғы жылдары колледж бітіргеннен кейін бітірушілердің 81% жұмысқа табысты орналасады.

Колледж басшысы ретінде, асыраушысынан айырылған студенттерге көмек көрсетуді адамдық борышым деп санаймын. Жыл сайын тұл жетім студенттерге 100%, жартылай жетім және әлеуметтік тұрмысы нашар студенттерге 20-50% жеңілдіктер беріледі.

Колледжде білім алушы студенттерге жобалық және зерттеу жұмысында, көркем шығармашылықта және спортпен шұғылдануда өзін-өзі көрсету үшін жағдай жасау негізгі бағыттардың бірі. Колледж студенттері арасында – конкурстардың, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаздары жетерлік.

«Арыстанбаб» жоғары колледжінде білім алған жастар ұлт үшін қызмет ететін мықты мамандар болатынына сенемін!

«Арыстанбаб» жоғары колледжінің директоры
Асанов Арслан Арынович



Сондай-ақ, қараңыздар

Виртуалды қабылдау