Академикпен жүздесу

2020 жылдың 10-қаңтарында «Арыстанбаб»жоғары колледжде биология ғылымдарының докторы, Ұлыбритания экологтар қоғамының толық мүшесі, академик Айтхажа Бигалиевпен кездесу өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы ғылымның өте қызықты саласы – биогенетика және қазіргі кездегі өзекті экологиялық мәселелерге арналған ғылыми ізденістерімен колледждің ұстаздары мен озат студенттерін таныстырды. Үлкен ғалымның ғылыми-ізденіс жұмыстары кез-келген адамды қызықтыра жетелеп ала кететін дүниелер. Академикпен жүздесу жас буынға ерекше әсер қалдырғаны сөзсіз. Өмірін ғылымға арнаған ардақты ағамыз дәрісін қазақ тілінде жүргізсе де, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлейтіні әсіресе жастарды қызықтырды. Айтхажа Бигалиев 132 ғылыми еңбектің, 6 монографияның авторы