Отанды қорғау – ер азаматтардың міндеті. Сондықтан да, елімізде ұл балаларды балалығынан-ақ халықтық патриотизм бағытында өсіру жүзеге асырылады. Балабақша мен мектеп, одан колледж қабырғасында ұлтжандылыққа, ел мен жерді қорғауға жетелейтін сабақтар, тәлімге толы дәрістер беріледі. Солардың ішінде алғашқы әскери дайындық пәнінің үйретері көп: мазмұны жағынан да, тәжірибе тұрғысынан да өскелең жастың білігін арттырып, дүниетанымын қалыптастырады, ұлттық рухта тәрбиелеп, отандық патриотизмді бойына сіңіреді.Отандық патриотизммен өскен жеткіншек болашақта нағыз азамат болып, қандай жағдайда да ел мен жерін қорғауға дайын тұрады.
Болашақ Отан қорғаушылар, яғни «Арыстанбаб» колледжі студенттері 25 қазан - Республика күніне арналған әскерилердің аудандық жиынына барып, спорттық жарыстар мен қару-жарақтар, сол сияқты әскери техникаларды толық танып-білу жаттығуларына қатысты. Ерлікке, батылдыққа, туған жерді сүюге үндейтін жиыннан жастар рухы көтеріліп қайтты.