Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын. Осыған байланысты, Қапланбек жоғарғы аграрлық-техникалық колледжінде аудан аумағында ерікті жастардың жасақтарын дамыту, жергілікті тұрғындардың әлеуетін арттыруға ықпал ету, мұқтаж адамдарға риясыз ерікті көмек көрсету және адам қызметінің ерекше үлгісін қалыптастыру, жастарды іс-шараға тарту арқылы ұйымшылдыққа, көшбасшылыққа және топпен бірлесіп жұмыс жасауға машықтандыру мақсатында «ЕРІКТІЛЕР ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕДІ» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті. Семинар-тренинг барысында студенттер топтарға бөлініп, түрлі жаттығулар жасады.