1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ МЕРЕКЕСІ!

        Біздің ең басты құндылығымыз - тәуелсіздік деп Елбасымыз ұлықтағандай сол құндылықты қастерлеу баршамыздың қасиетті парызымыз. Алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Осындағы барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің арқасында баршамыз алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етудеміз.

Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл - күймен қарсы алуға толық негіз бар. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сенеміз. Бірлігіміз-берік, қазақ елінің болашағы жарқын болсын.