20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау үшін құрылған қоғамдық штаб өкілдері «Арыстанбаб» колледжінде жастармен кездесті. Кездесуде Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Түсіндіру барысында «Ел Президенті мемлекеттік бағдарларда осыған дейінгі «жастар үшін» дегеннің орнына бұдан былай «жастармен бірге» дегенді қолдануға үндеуде. Расында да, жастар – қоғамның қозғаушы күші. Мұның мәнісін осы елдің азаматы ретінде терең ұғуға тиіспіз және ел ертеңі үшін адал еңбек етуге міндеттіміз» деп, сөз соңында «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидасын ұстанған қоғам қайраткеріне алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды.
#жаңақазақстан #сайлау2022 #меніңарманымдағықазақстан #аманатпартиясы #әділеттіқазақстан