КОЛЛЕДЖ ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТПЕН ТАНЫСУ

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы №39 Т.Айбергенов атындағы жалпы орта мектебінде «Колледж және университетпен танысу» тақырыбында аудандық іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандағы жетекшілік жасайтын тірек мектептердің директорлары мен республикамыздағы колледж және университет өкілдері қатысты.

Іс-шараға республикамыздағы университеттердің 22 өкілі қашықтан ZOOM платформасы арқылы қатысса, аталған мектепке 18 университет өкілі және 2 колледж өкілдері арнайы келіп қатысты.

Іс-шара барысында жиынға қатысқан арнаулы және жоғарғы оқу орындары тарапынан көрме жабдықтары орналастырылып, білім жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ жиын соңында Алматы қаласындағы «Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің» (ҚазҰАУ) өкілдерімен ынтымақтастық келісім шарт жасалып, қол қойылды.

Келісім шартта мынандай мәселер көзделген.

1) Ауданымыздың мектеп бітірушілері аталған университетке оқуға түскен жағдайда жеңілдіктер қарастырылады.

2) Ауданымыздағы мектеп оқушыларына ғылыми жоба және зерттеушілік жұмыстарға аталған университет тарапынан жетекшілік жасалынады.

3) Ауданымыздағы мектептер аталған университеттің докторантура, магистратура студенттерін іс-тәжірибеден өтуіне ықпал жасайды.

Іс-шараның мақсаты: Мектеп түлектеріне колледж және университеттердің білім жәрмеңкесімен таныстыру және мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру.