17 наурыз – Игі істер күні. Наурызды тойлау апталығының бұл күні тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, көмек қажет ететін жандарға қол ұшын беруге, әр адам мүмкіндігінше бір игі іс атқаруға арналады. Атаулы күнге орай түрлі іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда, белсенді студенттеріміз мүмкіндіктерінше азық-түліктер алып, қаламыздағы жалғызбасты қариялардың үйіне апарып, үйлерін, аулаларын тазалап көмектесті. Жастарымыздың игі істеріне ырзалықтарын білдіріп, баталарын берді.