Наурыз мерекесі

        Наурыз мерекесіне орай колледжімізде арнайы мерекелік онкүндік ұйымдастырылған. Соның ішінде 16 наурыз - Жайлау күні! Айналамызды тазалау, тал егіп, көшет отырғызу бұл жас ұрпақ үшін тәрбие мен тәлімге толы ұлағатты іс. Ал қоршаған орта үшін тазалық қашан да бірінші орында тұрады. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөздерді ұран еткен белсенді студенттеріміз колледж айналасына ағаш отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.