ЖЫЛ ҮЗДІГІ — 2022

Еткен еңбектің есебі беріліп, ең ерені екшеліп еленер кез — жыл аяғы. Иә, жыл соңында он екі ай бойы жасаған қызмет қорытындыланып, оның қоғам дамуына қосқан үлесі ескеріліп, еңбек адамдарына деген құрметпен марапаттау рәсімдері өтеді, елін сүйген, Отанына адал қызмет еткен жандар мадақталып, еңбегі дәріптеледі. Сондайда мадақ алған жандардың қатарында тұру — әрине, зор мәртебе.

Өтіп бара жатқан 2022 жыл қорытындысында Сарыағаш аудандық Сарыағаш Жастар Ресурстық Орталығының саралап, ұйғаруымен «Арыстанбаб» колледжі үш номинация бойынша — «Жылдың ең үздік жатақханасы», «Жылдың ең үздік Еріктілер ұйымы», «Жылдың ең үздік мобилографы» атақтарына ие болды.

Замандасқа, кейінгі жасқа тәрбие берер жол алдағы күндері де жалғаса беретіні сөзсіз.