Былтыр – балалар жылы қолға алынған, өскелең жастың жан-жақты дамуына, кез келген – қалалық, ауылдық балалардың да талантымен танылуына, ұстаздардың шеберлік деңгейін арттырып, еңбегінің жемісін көруіне мүмкіндік беретін, ұлттық өнердің бар саласын қамтитын жоба - «Қазақстан үміті» VІ республикалық шығармашылық конкурсы күні кеше Шымкентте өтті. Конкурсқа «Шебер ұстаз – озат шәкірт – домбыра» номинациясы бойынша «Арыстанбаб» колледжінен қатысқан студенттер: Раван-Нахчивани Индира бас жүлдені жеңіп алып, Алматыда өтетін «Жеті өнер» VІІ халықаралық шығармашылық фестиваліне жолдама, Астанада «Bilim orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтетін дарынды оқушылар форумына қатысу сертификатын иеленді; сахнаға домбырамен шығып, қазақ күйлерін төккен Мұхтар Әлисүндет Мұханұлы, Абдирова Қарақат Нұрболатқызы, Күзембай Мерей Анарбайқызы ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Талапты балаларды дайындаған Құрманова Жұмагүл Нұржігітқызы «Үздік жетекші», «Үздік педагог» және Құрмет дипломдарымен марапатталды.
Құтты болсын!!!
Иә, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеп, жастардың бойына ұлттық рухты, елдік сананы қалыптастырып, төл өнеріміздің інжу-маржанын жаңғыртып, оны тәуелсіз елдің игілігіне айналдыру жолында талмай еңбек етсек, Қазақстан үміті ақталмақ!