Жанды жадыратқан жәрмеңке!

Бүгін “Арыстанбаб жоғары” колледжінде «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай таңғы 9:00 ден бастап "Алтын күз" атты қайрымдылық жәрменкесі өткізілді.

Жәрменкеде сатылымға ұсынылған тағам түрлерін колледж студенттері өз қолдарымен дайындап көпшілікке ұсынды.

Колледж басшылығы жәрменкені аралап, ұйымдастырушыларға сәттілік тіледі.

Бұл іс-шараны өткізуден мақсат қайрымдылық акциясы болып, жәрменкеден түскен қаражатты жағдайы төмен отбасыларға жұмсау.