Студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Сарыағаш қаласындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен оның алдын алу бойынша келелі кездесу өтті.