Құрметті арулар!
Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.
Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс - құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!
Құрметпен, “Арыстанбаб” жоғары колледжі әкімшілігі