”СТУДЕНТТІК ЛИГА – 2023”

17 қараша - Студенттер күніне орай, аудан әкімінің кубогы үшін орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында «СТУДЕНТТІК ЛИГА-2023» спорттық ойындары өтті.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды. №12 кәсіптік колледжі, Сарыағаш медресе колледжі, Арыстанбаб жоғары колледжі, Абу Али Ибн Сина колледжі және Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі студенттер арасында кіші футбол, гір тасын көтеру, арқан тартыс сондай-ақ, қыздар және ұлдар арасында волейбол спорт түрлері болды.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі

І орынды – «Арыстанбаб» жоғары колледжі,

ІІ орын – «Сарыағаш медресе» колледжі,

ІІІ орынды Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенттері иеленді.

Жеңіс құтты болсын!!!