СТУДЕНТТІК АЛТЫН ДӘУРЕНІМ

Студенттік шақты «Алтын дәурен» дейміз. Расында да, жастық шақтың қызығы адам өмірінде ерекше есте қалады емес пе, айта-айта жүрсек те жалықпаймыз және қашан сөз етсек те, үнімізден сондай бір сағыныштың лебі есіп жатады.

Сағынышпен еске алар сәттің бірі – Студенттер күні. Биыл бұл мерекені «Арыстанбаб» жоғары колледжі жылдағыдай ерекше атап өтті. Ерекше көзге түскен үздік студенттерге «Алғыс хаттар» тапсырылды. Өзгеше өнер көрсеткен жастар марапатталды. Шоу-ойындарда жеңіп шыққандарға тәттілер тарту етілді. Еріктілердің алдын-ала дайындаған өнерлері тамашаланды. Кеш соңы жалын жастықтың жарасымды биіне жалғасты.