ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР.

Қарттық – ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Қарттарымыз еліміздің өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз. Үлкенді сыйлау – ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): Алла разылығы ата-ана разылығында, Алла ашуы ата-ана ашуында жатыр,» – дейді. Әлбетте әрбіріміздің оларды сыйлап, үлкен құрмет көрсетуіміз парызымыз.

"Арыстанбаб" жоғары колледж басшылығының ұйытқы болуымен оқу орнымызда «Қарттар – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті.

«Қарттар күніне» орай ұйымдастырылған кешке Сарыағаш ауданының ардагерлер кеңесі және ауданымыздың ақсақалды ағаларымыз, ақ жаулықты аналарымыз қатысты.

Қатпар-қатпар белестерден өтіп, ақсақал мен ақ жаулықты әже болған қарияларымыз өскелең ұрпаққа өз ақыл кеңестерін айтып, болашаққа бағдар берді.

Жиын соңында қарттарға арнап сахналық көріністер құрылып, әуезді әндер айтылды.