Сарыағаш ауданының 90 жылдығына, "Нұр Отан" партиясының 20 жылдығына және "Жастар жылына" орай бүгін Жемісті бастауыш партия ұйымының және ауыл жастарының ұйымдастыруымен «Жастар аллеясына» ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Көшет отырғызуға «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, аудан әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов, Жастар ресурстық орталығының басшысы Қ.Иматов, Жемісті бастауыш партия ұйымының төрағасы, Жемісті ауылдық округінің әкімі А.Сейтжапбаров және партия қатарындағы ауылдың белсенді жастары қатысты.