Мектепке дейінгі білім беру - бала өмірін сапалы етіп қалыптастырудағы берік іргетас.
Осы “фундамент” дұрыс, әрі түзу қаланса, тәрбиешіден нашар шәкірт шықпайды.
Тәрбиеші былдырлап келген бүлдіршінге орта, қоғам туралы алғашқы көзқарасты қалыптастырады. Баланың жанын, ойын түсініп, жас ерекшелігіне сай әрекет етеді.
Тәрбиеші деген жәй ұғым болып қалып жүрді. Бірақ, балаларымыздың болашағы осы балабақшадағы тәрбиеші берген тәрибесінің арқасында екенін ұмыт қалдырмаған жөн.
"Арыстанбаб" жоғары колледжі білікті ТӘРБИЕШІ дайындау мақсатында "Мектепке дейінгі тәрбие" мамандығы бойынша студенттерді оқытып үйретеді.
Біздің оқу орнымызда студенттер үшін барлық жағдайлар жасалған.
Барлық мамандықтарға сай соңғы материялдық жабдықтармен жабдықталған.
Тәрбиеші - бала жанының бағбаны. Осы пікірмен келісесіз бе? Тәрбиеші деген тағы сіз үшін кім?