«БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТІРЕГІ»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Кентау қаласы №7 колледжінде «БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТІРЕГІ» атты облыстық жастар форумы өтті.

«Тәуелсіз елдің білімді ұрпағы» интеллектуалды сайысында колледж студенттері Абсаматова Гулжан мен Амирхан Аружан қатысып Түркістан облысы Адами Әлеуетті Дамыту Басқармасының дипломымен марапатталды.

Сонымен қатар «Мамандығым мақтанышым» атты сайысқа колледж студенті Раван Нахчивани Индира қатысып алғыс хатпен және бағалы силықтармен марапатталды.

Тәуелсіз еліміздің жастары өркендей берсін, бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!