Өткенімізге көз салсақ сүрлеуі мол соқпақтармен, ой-шұңқыры көп көпірлерден де өтіппіз. Азанымыз ақырын, жаназамыз жасырын айтылған кездерді де еліміз бастан өткізді.
Биыл ел тәуелсіздігіне қол жетіп, бостандықтың боз таңы атқанына 30 жыл болды. Еңбектеген баладан еңкейген қарияларға дейін ел еңсесін көтерген бұл күн баршамызға бағалы, мән-мазмұны терең мейрам.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына сәйкес келген СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ орай "Арыстанбаб" жоғары колледжінде студенттеріміздің қатысуымен "Тәуелсіз елдің жастары" атты флешмоб ұйымдастырылды.
Бұл флешмобтың мақсаты:
Жастарымызды татулыққа, ауызбіршілікке, бір тудың астында білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Елге қызмет ету – білімнен емес, мінезден…