«ҚЫЗЫҒЫ МОЛ СТУДЕНТТІК ӨМІР»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 17 қараша – «Халықаралық студенттер» күніне арналған мерекелік шара өтті.

Студенттерге арналған мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов студенттерді мерекемен құттықтап, үздік студенттерді аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Ауданымыздың "Үздік студенттері" атанған Праш Қарлығаш, Жарылқасын Балнур алғыс хаттармен марапатталды.

Ауданда белсенді еріктісі болып, іс шараларға өз үлесін қосқан Раван-Нахчивани Индира марапатталды.

Аудандағы колледждердің өнерлі студенттері өз өнерлерін көрсетіп көрерменнің көңілін көтерді.