Қаңтар айында 23 оқытушы педагогикалық шеберлік орталығының біліктілік арттыру курсынан өтті. Курстың мақсаты жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктерімен танысу. Онда: үлгілік оқу бағдарламасы, оқу мақсаттарының жүйесі, ұзақ мерзімді жоспар, оқу бағдарламасының спиральді құрылымы, критериалды бағалаудың қағидаттары, критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, критериалды бағалаудың теориялық негіздері, қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру тақырыптары бойынша шеберлік сыныптары болды.