АР-НАМЫСЫМ, ҚАСІРЕТІМ, ҚУАНЫШЫМ-ЖЕЛТОҚСАН!
«Арыстанбаб» жоғары колледжінің химия пәнінің мұғалімі Айнагул Бектаева ева Айнагүл Нышанбайқызы «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағаттың мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздігі жолындағы желтоқсан құрбандарының ерліктерін үлгі ету арқылы оқушыларды тәуелсіздікті бағалай білуге үйретіп, патриоттық тәрбие беру.
– 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қаншама жыл уақыт өтті. Өмір бізді одан алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол – дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақтың өр мінезді қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет.
Ф-19-9к, Ф-21-11к тобының студенттері ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өткізіп, көрерменнің қошеметіне ие болды.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып – жойып таптады.
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
Құрметті оқырмандар баршаңызға тәуелсіздіктің 30 жылдығы құтты болсын!