Ашық сабақ тақырыбы: Antibiotics
Топ: М-20-9к1
Оқытушы: Айдана Балдашова Талгатовна.
Антибиотик-микроорганизмдердің өсуін тежейтін және оларды жоятын заттар. Мағынасы «анти» - қарсы, «биос» - өмір дегенді білдіреді.
Тұмаудың алғашқы симптомдарын тезірек емдеймін деп дәріханадан өз бетінше дәрігердің кеңесінсіз және тіпті талдауға да тапсырмай антибиотик сатып алады.Дәрігер ғана антибиотикті тағайындап, оның курсын есептеп, дозасын дұрыс тағайындай алады.
Антибиотиктерді өз бетінше қолдану өте қауіпті.Бактериялардың өз бейімділіктері болады. Қасиеттерін өзгерте отырып, олар антибиотиктерге үйреніп алып, әсер етпей қалады.
Есте сақтаңыз .
⠀
антибиотикті дәрігердің рұқсатынсыз қолданбау
антибиотиктерді профилактика үшін қолданбаңыз
жазылып қалдым деп антибиотикті ішуді тоқтатпаңыз, дәрігер тағайындаған емдеу курсын толықтай аяқтаңыз
дәрігер жазып берген антибиотик дозасын өзгертпеңіз
егер емдеу курсы бітіп, ал антибиотик қалып кетсе сонша ақшаға алдым, тастағанға обал деп қалғанын ішіп қоймаңыз
сізге жазып берген антибиотикті басқа адамдарға бермеңіз
⠀
Егер жазбам ұнаса лайк басып , өзіңізге сақтап алыңыз және достарыңызға жіберуді ұмытпаңыз.