ШЫНДЫҚТЫҢ ШЫРАҒДАНЫ-МҰХТАР АҒА.
Кеше, 24 желтоқсан күні «Арыстанбаб» жоғары колледжінде Түркі әлемінің заңғар ақыны, тіл жанашыры, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы,«Түркі тілдес халық арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері Мұхтар Шахановпен кездесу өтті.
Ақиық ақын М.Шаханов рухани құндылықтар жайлы, ата дәстүр, ұлттық мүдде туралы, тіл туралы тебірене сөйледі.
Жастар ақынның жалынды сөздерін көкейлеріне тоқып, отансүйгіштік қасиеттерін отты сөздерге жани түсті. Қоғамдағы әділетсіздіктер, желтоқсан оқиғасы, туралы тарих қойнауынан сыр шертіп, қазақ тілі үшін күрескен әсерлі естеліктерімен бөлісті. Шындық үшін күрес жолындағы өзінің жариялаған ұстанымын баян етті.
«Шәкіртсіз ұстаз – тұл» дегендей, ақынның өлеңдерін, поэмаларын шабытпен, мәнерлеп оқыған жастарда шек болмады.
Жастар заңғар ақынмен кездесуден үлкен әсер алды. Отансүйгіштік рухқа бөленген жастар сүйікті ақындарына деген ыстық ықыласын білдіріп, сұрақтарын да жаудырды. Қаламгер шығармашылығына қызығушылығы жоғары жастар ақын кітаптарына қолтаңба қойдырып, естелікке суретке түсті.