ЕРІКТІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Сарыағаш ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен еріктілердің 2021 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылау және белсенді болған ерікті жастарды марапаттау мақсатында жиын болып өтті.
Жиын барысында, Жастар ресурстық орталығының құрылғанына 10 жыл толуына орай, ауданда жастар саясатының тиімді жүзеге асуына үлес қосқан бірнеше азаматтар аудан әкімі М.Отаршиевтің арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, жыл бойы аудан көлемінде атқарылған еріктілік жұмыстарында белсенді болып, көзге түскен “Арыстанбаб” жоғары колледжінің ерікті жастар Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Отаровтың алғыс хатымен марапатталды.
“Арыстанбаб” жоғары колледжінің жастары тек биіктерден көріне берсін!