”Арыстанбаб” жоғары колледжінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына бір күндік жалақыларын аударды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.
Аталған қор ешбір мемлекеттік органға қарамайтын, дербес, нағыз халықтық сипатта болады. Білікті бақылаушысы бар жауапты басшы тағайындалып, қызметі мен бюджеті бұқараға ашық жүргізіледі. «Қазақстан халқына» қорына еліміздегі ірі бизнес нысандары, ауқымды компаниялар мен ауқатты тұлғалар жүйелі түрде аударым жасап тұруы тиіс. Президенттің айтуынша, халық өзіне тиесілі үлесті алатын кез жетті.