Семинар - Модульдық құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру

2018-2019 оқу жылында колледждерде «Кәсіпқор» Холдингі»-ның модульді-құзіреттілік тәсілдемесі негізінде әзірленген білім бағдарламаларын енгізу басталады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығы негізінде “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру” мамандығының оқу жұмыс жоспары модулдік-құзыреттілік негізінде әзірленді. Оқу жұмыс жоспарына сай күнтізбелік тақырыптық жоспарлары да модульдік құзіреттілікке негізделіп жасалды. Қараша айында колледж мұғалімдеріне Түркістан облысы білім басқармасының әдістемелік кабинетінің әдіскері, “Кәсіпқор Холдингтің” лекторы Жайықбаев Мейрбек Сырлыбайұлы «Модульдық құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында семинар-тренинг сабағын өтті.