ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІ!
2022 жыл ақпан айының 3-ші жұлдызында “Арыстанбаб” жоғары колледжінде Дүниежүзілік сайлау күні аясында жас сайлаушыларға арналған дәріс өтті.
Дәрісті өткізудің басты мақсаты – Дүниежүзілік сайлау күнін белгілей отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын жастарға түсіндіру және сайлау процестерін жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізу.
Оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен өткен дәрісте баяндама жасаған спикерлер: аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері - Амирханов Алайдар, Қалдыбаев Махан.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.
Айта кетейік, Дүниежүзілік сайлау күнін өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру.