"Өзін -өзін тану" "Сүйіспеншілік жолындағы өмір" онкүндігіне орай 11- ақпанда 1 және 4 курс студенттеріне топ жетекшілері «Сүйіспеншілік - өмір негізі» тақырыбына тәрбие сағатын штаттық түрде өтті.
Мақсаты:Студенттерге риясыз сүйіспеншілікпен өмірдің мәнді болатынын ұғындыру , қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, сүйіспеншілікпен қарым - қатынас жасауға баулу.
Тақырыпты түсіну үшін студенттерге мұғалімдері «Сүйіспеншілік» атты презентация көрсетті, сауалдар қойылды, студенттер ойларымен бөлісті .
Тәрбие сағаты барысында «Сүйіспеншілік – адам бойындағы ең құнды қасиет» екенін ұғынды,ата-анаға, Отанға, елге жерге қоршаған табиғатпен айналадағы адамзат баласына деген сүйіспеншілік алға жетелейді және қуаныштарды сыйлайтындығын түсінді.