«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ»
Сіз мүгедектер үйіне барып көрдіңіз бе?
__________________________________________
Неге біз көп уақытымызды болмайтын жерлерге барумен пайдасыз жүріспен өткіземіз?!
Ал Сіз мүгедектер үйіне, жетімдер үйіне барып көрдіңіз ба? шынайы күлкі, кіршіксіз балалық махаббат, жылы сезім, шүкіршілік, жүректің елжіреуі,тәубеңе келу және де өте көп эмоция алып қайтасыздар.....
Қайтатын кезде қимауы аға, әпке енді қашан келесіздер "сағынамызғой" деп бауыр басып қалуы ерекеше сезім.....
__________________________________________
2022 жыл БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА орай ұйымдастырылған “Сүйіспеншілік жолындағы өмір” 10 күндігі аясында “Арыстанбаб” жоғары колледжінде “Жүректен жүрекке”, “Мейірімді жүректер ынтымақтастығы” атты қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.
Бұл қайырымдылық іс-шара барысында колледжіміздің оқытушылары мен студенттері мүмкіндігі шектеулі балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды ұйғарып, “ДАМУ” мүгедектер қоғамдық бірлестігіндегі балаларға күнделікті қажетті заттар мен түрлі ойыншықтар сыйлады.
Тосын сыйға балалар қатты қуанып, шексіз алғыстарын білдірді.
Жақындарымызды бағалайық!!!
Жақсылық жасап жарысайық!!!