ОБЛЫСТЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ
19 ақпан күні Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының қолдауымен Түркістан жоғары медицина колледжінде «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында облыстық дебат турнирі өтті.
Естеріңізде болса, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов студент жастардың саяси сауаттылығын, ораторлық қабілеттерін және сыни ойлау дағдыларын дамыту мақсатында дебат қозғалыстарын жандандыруды және өзін-өзі басқаруды қолға алу қажеттігін айтқан болатын.
Коммуникативтік құзіреттілікті дамытуға мүмкіндік беретін бұл зияткерлік ойындар кез-келген мамандық иесіне өте қажетті. Сондықтан барлық оқу орындарында дебат клубтарының саны артып, жастарға қолдау көрсетілуде.
Пікірсайысқа Түркістан облысының техникалық және кәсіптік оқу орнының 34 командасы қатысты.
“Арыстанбаб” жоғары колледжінің студенттері жартылай 1/4 финалдық ойынға өтіп үздік 5 ке ілініп ,өз білімдерімен ораторлық мәдениетін жоғары деңгейде көрсетті.Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хаттарымен және арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.