«Kindergarten teacher- 2022»
Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша
«Kindergarten teacher- 2022»»
облыстық байқауы өткізілді.
Байқау техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім алатын 2-4 курс студенттерінің арасында өтті.
Жалпы, мұндағы байқау мақсаты:
- болашақ мамандардың шығармашылық ізденісі мен қабілеттілігін дамыту, біліктілігін арттыру;
- болашақ тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттыру;
- білім алушыларды жан жақты дамуына жол ашу.
Аталған байқауға “Арыстанбаб” жоғары колледжінен МДТ-19-9к тобының студенті Раван-Нахчивани Индира қатысты.
Жетекшісі “Педагогика” пәнінің мұғалімі Жаңабаева Ләззат.
Түркістан облысы бойынша байқауға қатысқан 7 колледждің ішінен “Арыстанбаб” жоғары колледжінің қатысушысы Раван-Нахчивани Индира II орынды иеленіп ІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.
Жетекшісі Жаңабаева Ләззат алғыс хатпен марапатталады.
ЖЕҢІСТІ ДЕ ЖЕМІСТІ КҮНДЕРІМІЗ КӨП БОЛСЫН!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!