"Болашаққа Бағдар: Рухани Жаңғыру"

ОҚ «Арыстанбаб» колледжі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған міндеттер аясында бірқатар тындырымды шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бағдарламаның «Туған жер» тармағы бойынша наурыз айының 29-30 күндері танымдық маңызы зор мәдени орындарға саяхат ұйымдастырылды. Колледж студенттерінен және жетекші оқытушыларынан құралған топ сапарын колледжімізге аты берілген киелі мекен Арыстанбаб кесенесінен бастап, Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне, Пайғамбардың кемесі қалған болып саналатын қасиетті орын - Қазығұрт тауларын аралады. Қастерлі нысандармен танысу барысында бабалар рухына құран бағышталды, сондай-ақ, Ұлы Дала төсіндегі киелі жерлердің адам санасының рухани жаңғыруы мәселесіне ажырағысыз деңгейде қатыстылығы мен олардың мән-маңызы туралы әңгімелесулер өткізілді. Студент жастарымыз ұрпақта- ұрпаққа беріліп, көне дәуірлерден көнермей жеткен есті аңыздарға құлақ түріп, өздерінің таным-өрелерін тың мәліметтермен толықтырды.