Наурыз айының 26-27 күндері Түркістан жоғары көпсалалы, қөлөнер колледжі базасында Түркістан облысының адами әлеуетті басқармасының ұйымдастыруымен, спартакиада өтті.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриотизмді, бұқаралық дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жұмыстарын насихаттау мақсатында өткізілген бұл шараға 36 команда (колледж) қатысты.
Жарыстар спорттың 6 түрі (кіші футбол, ерлер және әйелдер волейбол, арқан тарту, үстел теннисі, тоғыз құмалақ, ерлер және әйелдер дойбысы) бойынша үздіктер бақ сынады.
Үздіктер бәйгесіне қатысқан жүйріктерге Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы демеушілік көрсетті.