Отан отбасынан басталады деп бекер айтпаған. Әрбір адамзаттың — алтын ұясы десе алдымен отбасы ойымызға орала кетеді. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Отбасы арасындағы мейірімділікті, ауызбіршілікті нығайту мақсатында “Арыстанбаб” жоғары колледжінде ШЫМЫРЛЫҚ ПЕН ШЕБЕРЛІК күніне орай «Мен және менің отбасым» атты эстафеталық сайыс өткізілді.
Бұл сайысқа студенттер мен ата-аналардан құралған 7 команда қатысты. Барлық қатысушы командаларға ақшалай сиақылар және алғыс хаттар тапсырылды.Сайыс соңында барша қатысушы командалар колледж асханасынан ас ішіп ұйымдастырушылар мен ұстаздар қауымына ақ тілектерін айтып алғыстарын білдірді.