Психиатрия пәні.

Психиатрия ( психе – жан, иатрия - емдеу) – психикалық аурулардың көріністерін, этиологиясын және патогенезін, ауру ағымының заңдылықтарын, мүмкін болатын асқынуларын, емдік шараларың және реабилитациясын қарастыратын ғылым.

Психикалық ауруларға әкелетін негізгі факторлар:

1.Экзогенді: Жұқпалы аурулар (тұмау, тонзилит, сепсис, сүзек, ревматизм, бруцеллез, энцефалиттер, менингоэнцефалиттер т.б.).

2.Бас ми жарақаттары (мидың әр түрлі жарақаттары, соғып алу, шайқалу, жаралану мен жарылыс толқынынан зақымдану).

 

3.Психикалық жарақ аттар (күйзеліс жағдайлары, әлеуметтік факторлар (жанжалдар, тұрмыстық және жанұялық ұайымдар, жақын адамды жоғалту т.б. өте күшті эмоциялар).

4.Уланулар (алкогольмен улану, нашақорлық, токсикомания, дәрімен улану, өндірістік улар).

5.Физикалық фактор (температура (гипертермия, гипотермия), радиация, климат, географиялық орналасу, метеорологиялық өзгерістер т.б.).