ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі жастар арасындағы жұмыссыздық және NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру, кәсіби оқыту және жұмысқа орналастыру екені белгілі.
Ауданда жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды, “Ұлттық жоба” аясында мүмкіндіктерді түсіндіру, аудандағы бос жұмыс орындармен таныстыру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Н.Талиповтың бекітуімен мобильді жастарға қызмет көрсету жұмыс кестесі әзірленіп, Сарыағаш ауданындағы "Арыстанбаб" жоғары колледжінде жастармен кездесу өтті.
Кездесуге Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Б.Кузеров, “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы Н.Отаров және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері А.Ахмедова, Н.Сейтжаппар қатысты.
Кездесу барысында, Жастар ресурстық орталығының жұмыстары, "Серпін-2050", “Алғашқы жұмыс орны” және “Жастар тәжірибесі”, "Дипломмен ауылға" бағдарламалары аясында сөз қозғалып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.