Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, салған ағартушылық бағытты жалғастырушы, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жылы.
Алдағы уақытта колледжімізде студенттердің Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы танымдық деңгейін дамытуда, өз елін сүюге тәрбиелеу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілетін болады!!!
Халқымыз қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген.
⠀
Ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынұлының әрбір нақыл сөздері - келер ұрпаққа өнеге. Бүгін бала тәрбиесі жайлы ұлағатты сөздерін сіздердің назарларыңызға ұсынғым кеп отыр.
⠀
"Ұлды ұлша тәрбиелесең - ұл болады, құлша тәрбиелесең - құл болады".
⠀
"Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден гөрі аз да болса, анықтап нық үйрету абзал".
⠀
"Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек".
⠀
"Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!"