Колледжімізде «Бұрымды Қыз» Сайысы Ұйымдастырылды.

Бүгінгі жастарға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу, ақылды да ажарлы, дарынды да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру мақсатынды колледжімізде «Бұрымды қыз» сайысы ұйымдастырылды. Ата-салтын сақтап, шаштарын күтіп-баптаған ару қыздарымызды бөліп-жармай, бәріне бірдей қаржылай сыйлықтар табысталды және қыздарымызға сәттілік тілеп, шаштарын үнемі күтіп ұстауға, тазалыққа шақырамыз.