Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумына «Арыстанбаб» жоғары колледжінен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Муталова Қарлығаш Шаранқызы барды, форум шеңберіндегі «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» панельдік секциясына қатысты.
Мемлекеттік білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың 2022-2023 оқу жылына арналған негізгі бағыттарын айқындау мен кадр даярлауда берілген білімнің бизнес пен өндірісте тиімділігін қарастыруды діттеген секция жұмысы 15 тамыз күні Елорда колледждерін аралатумен басталып, Астана политехникалық жоғары колледжінде тәжірибе алмасу семинары, шеберлік сыныптарымен жалғасын тапты.
Сонымен қатар, ТжКБ жүйесінің көрмесі тамашаланып, түстен кейінгі пленарлық отырыста ТжКБ жүйесін дамыту, кадр дайындау, сапалы маман шығару үшін ұлттық біліктілік жүйесін жетілдіру, еңбек нарығы үшін дуальді оқытудың тиімділігі, жастарды кәсіби тұрғыда өсіруде WorldSkills мүмкіндіктері, кәсіптік оқудың нұсқауы - еңбекқорлық пен білімге жетелеу туралы баяндамалар тыңдалды.
Пленарлық отырыс соңы сұрақ-жауапқа ұласты.