Қашанда қартын қадірлеген қазақ емеспіз бе, үлкенді сыйлау үшін бізге арнайы мереке де керек емес негізі, жыл он екі айдың әр күнінде үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін қалпымыздан танбау халқымыздың әбден бекіген салты, жазылмаған заңы деп білеміз. Десе де, жылда аталып өтетін 1 қазан – Халықаралық қарттар мерекесіне қуана-қуана үн қосып, осы бір күні аяулы ата-әжелеріміз бен ардақты еңбек ардагерлерін құттықтап, сый-сияпатымызды ұсынып жатамыз.
Биылғы мерекеде «Арыстанбаб» колледжі оқу орнының ардагер ұстаздарын арнайы шақырып, жүрекжарды лебізін білдіріп,шынайы көңілмен конвертке салынған азын-аулақ сыйлығын тапсырып, әдемі гүл шоқтарын ұсынды. Соңынан, әсерлі сәттен тамаша бір естелік қалсын деп, суретке түсті.