АЛМАТЫҒА САЯХАТ

АЛМАТЫҒА САЯХАТ

«Алматы – арман қала» - ілгеріден-ақ айтылатын сөз. Расында да, кез келген өсіп келе жатқан жасқа Алатау етегіндегі әсем шаһарды көру - арман, көрікті көшелерінде серуендеп, тау бөктеріндегі демалыс-саяжайларында тынығып, өткен ғасырда еліміздің астанасы болған сұлу да алып мекеннің тарихи-мәдени орындарымен танысу – зор қуаныш.

Сондай-ақ, Алматы – армандар орындалатын ғажайып жер. Мұндағы мықты білім ордаларынан сусындап, қалаған мамандығының иесі болу – өлшеусіз бақыт.

Ғажап мекенге колледжіміздің жақсы оқитын, қоғамдық жұмыста белсенді студенттері мен ұстаздары таяуда саяхаттап қайтты. Қаланы аралап, музейлер мен көпшілік-мәдени орындарды тамашалап, Көктөбеге шықты. Республикалық деңгейде ұйымдастырылып жатқан қазақтың қаһарман ақыны, қоғам қайраткері, аңыз адам Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналған айтулы кешке қатысты. Осы тұста, «Арыстанбаб» колледжінің де армандар орындалатын оқу ордасы екенін айтсақ, артықтық етпес.

#алматы #мұхтаршаханов #колледж #сарыагаш #музейалматы