Дарынды студенттерді анықтау мәселесі, колледждегі студенттердің танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып табылады. Колледжде дарынды студенттермен жұмыс студенттердің зияткерлік қырларын жетілдіру үшін олимпиадалар, конкурстар, ғылыми жобаларға тарту қолға алынуда.
Биылғы оқу жылында желтоқсан айында Астана қаласында «Urkermitec» зияткерлік орталығының «IQ college» жобасы аясында медицина және гуманитарлық салалар бойынша «Гиппократ» жыл сайынғы республикалық қашықтық олимпиадасына колледж бойынша 41 студент қатысты. Олимпиада биология мен химия пәндері бағытында болды. Медицина саласы бойынша жалпы 9 студент қатысып, 7-і жүлделі ІІІ орынға, Биология және химия пәндер бойынша жалпы 32 студент қатысты, сонын ішінде 2 студент жүлделі ІІІ орынға ие болды, жетекшілік жасаған оқытушылар Бектаева А., Кулсеитова Г., Исалиева Н., Әлиайдар Б., Қараман Ұ. Барлық қатысқан студенттер алғыс хаттар мен серитфикаттарға ие болды.